🌳«Жұлдыз» жазғы демалыс лагерінде – Экологиялық бағыт күні!
Бүгін лагердегі күн әдеттегідей көтеріңкі көңіл күймен басталды. Балалар бой сергіту жаттығуларын жасап, табиғат аясында сергіп алды.
Одан кейін "Таза ауа – жанға дауа" атты спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалар табиғат аясында көңілді уақыт өткізді. Қозғалыс пен қуанышқа толы күн балалардың денсаулығын нығайтып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
#жазғы_демалыс_2025
#таза_ауа_жанға_дауа