Тәрбие іс-шараның тақырыбы: "Тәуелсіздік-тұғырым!"
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды ҚР-сы өз алдына дербес ел болуына 32 жыл толуымен таныстыру. Отанын мақтаныш етуге, еліміздің нағыз азаматы болуға тәрбиелеу. Биыл тәуелсіздік алатынымызға 32 жыл толып отыр. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт. Осы атаулы күнге арналған "Тәуелсіздік-тұғырым!" атты тәрбиелік іс-шарамыз бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді. ҚР Тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын дей отырып, құттықтау сөзді Аңқаты ЖОББМ КММ-нің директоры Тасанова Қ.М. және мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Муканова Д.А арнады. Тәрбие іс-шарамыз бастауыш сынып оқушыларының әдеби саз, өлең жолдарымен және де көңілді де, әсерлі әндерімен жалғасын тапты. Болашақ ұрпақты бұл іс-шара тәуелсіздігімізді қастерлі де, ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеуге, келер өскелең ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
"Тәуелсіздік-тұғырым!"
12/16/2023