🔊🔊🔊МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС! 🔔
Аңқаты ЖОББ мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға 11-сыныптың оқушылары, ата-аналары, ауылдық округ әкімі Асқар Қылышұлы және мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары қатысты. Биыл 14 ЖАС ТҮЛЕК мектеп бітіргелі отыр, оның 5-еуі "АЛТЫН БЕЛГІ" үміткерлері. Олар: Ахметов Б., Губайдуллаева Н., Қонасов Ә., Сағидолла Ә., Ахатова Д.
Салтанатты жиын сағат 9:00-де басталды. Салтанатты жиынға қатысушы оқушылар сапқа тұрғызылып, «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты жиын ашық деп жарияланып, бітіруші ттүлектер құрметпен ортаға шақырылды.
Мемлекеттік Гимн орындалып, Мемлекеттік Ту көтерілді. ҚР мемлекеттік туын көтеру құрметі мектебіміздің ұлағатты ұстазы Светлана Жолдаскалиевна мен мектеп бітіруші түлек, Республикалық пән олимпиадасының аудандық, облыстық турнирдің жүлдегері Ахметов Бакбергенге табысталады. Мектеп директоры К.М.Тасанова 2023 - 2024 оқу жылының аяқталуы туралы хабарлама айтып, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
11-сынып оқушыларының ата-аналары атынан 11-сынып түлектері Ғиниятолла Ерболдың әжесі Мәншүк апаға және Ахатова Дильназдың әкесі Сабыржан Ахатович құттықтау сөз сөйледі.
Бітіруші түлектерді алғаш әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан алғашқы ұстазы Латипа Жоламановна және 11-сынып жетекшісі Азамат Болатұлы құттықтап, ақ жол тіледі.
Түлек Талапова Шахназ ұстаздарына арнайы өз өлеңін оқыды, құттықтаулар, әдеби-музыкалық монтажына кезек беріліп, мектеп вальсі орындады.
Салтанатты кештің нүктесі «Соңғы қоңырау соғу» рәсімімен қойылды. Соңғы қоңырауды 11-сынып оқушылары пәндік олимпиада, байқаулардың жеңімпазы Қонасов Әбілмансұр мен Губайдуллаева Нурайна соқты.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтастәрбие
МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!
5/25/2024