✅✅✅ Мектебімізде 1 қыркүйек –Білім күніне орай “Мектебім-мейірім мекені”тақырыбында салтанатты жиын оздырылды.
АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУДЫҢ ЕСТІЛДІ ҮНІ
Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектебім-мейірім мекені!» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиналған қауым желбіреген көк Туға сүйіспеншілікпен қарап, елім деп дүрсіл қаққан жүрек тұсын ұстап, мемлекеттік Гимн шырқады.
Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған 17 оқушыны сынып жетекшілерімен бірге ортаға шақырып, елмен таныстырды. Олар өз жүрекжарды лебіздерін тақпақтарын, ән айтып жеткізді.
Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Тасанова Карылгаш Мурадымовна берілді. Содан соң ауыл әкімі Хайрекеев Аскар Қылышұлы білім күнінің маңызын айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Көптен күткен сәт те келіп, қоңырауды 1-сынып оқушылары Исағали Адина мен Қайыпқали Ердәулет соқты.