«Мұғалімнің кәсіби өсуі – оқыту сапасын арттырудың негізгі шарты» жұмысы жалғасын табуда
Бүгін Аңқаты мектебінде курстан кейінгі кәсіби қолдау шарасы өз жалғасын тапты. Атаулы мектептің 2021-2022 оқу жылдары курстан өткен мұғалімдері тарих пәні мұғалімі Н.Кауленова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Хисметова, биология пәнінің мұғалімі Б.Темировтың сабақтарына қатысып, талдау жұмыстары жасалды. «Мұғалімнің кәсіби өсуі – оқыту сапасын арттырудың негізгі шарты» тақырыбында семинар-практикалық жұмысы жүргізіліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Білім бөлімінің баспасөз қызметі