Психологиялық қызметтің мақсаты – оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысуларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің мақсаты – оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысуларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін- өзі тәрбиелеу және өзін -өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету
- психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуметін дамыту;
- психологиялық қиыншылықтармен оқушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
- оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау
- психологиялық проблемаларды шешуде және оқу тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата –аналар мен педагогтерге консултациялық көмек көрсету;
- білім беру үдерісі субектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Психолог жұмысының негізгі бағыттары:
- Психологиялық профилактика.
Мақсаты: тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.
- Психологиялық диагностика.
Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.
- Психотүзету және дамыту.
Мақсаты: оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағыауытқуларды болдырмау, жалпы оқу бағдарламасымен біліктілікті дамыту.
- Психологиялық консультация.
Мақсаты: педагогикалық процесстің субьектілеріне кеңес беру.
- Психологиялық білімді көтеру.
Мақсаты: педагогикалық үрдіске қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру