"САМҒАТҚАН САН ҚЫРАНДЫ АЛТЫН ҰЯМ"
Осындай атаумен "Аңқаты ЖОББМ" КММ-де жыл сайынғы дәстүрлі түлектердің кездесу кеші өткізілді. Бұл кездесуге мектепті бітіргендеріне 50, 40, 30, 20 және 10 жыл болған мектеп түлектері еліміздің түпкір-түпкірінен жиналды. Мектепке деген сағынышы әрі пән мұғалімдеріне деген ыстық ықыласы, ризашылығын білдіру үшін бас қосуға 150-ге тарта түлектер келді. Оларды құшақ жая қарсы алған мектеп ұжымы және биылғы бітіргелі отырған түлектер, сынып жетекшісі және қолдау көрсеткен ата-аналары. Биылғы бітіргелі отырған түлектер өз өнерлерін көрсетіп, әр жылғы түлектер жылы лебіздерін, рақметтерін айтып, мектептеріне естелік сыйлықтарын тарту етті. Және де 11-сынып оқушыларына да естелік сыйлықтарын беріп, тілектерін жолдап, үлкен өмірге басқан қадамдарының оң болуын тіледі.
Сондай-ақ, кездесуге облыстық білім басқармасының басшысы Е. Н. Сафуллин және аудандық білім бөлімінің басшысы М. М. Сапарғалиев келді.
Олар ұстаздық жолында ерен еңбектері бар ардагер ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрінің алғыс хаттарын, әрі облыстық білім басқармасының алғыс хатын, облыс әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтарын табыстады. ҚР Оқу-ағарту вице-министрінің "Алғыс хатымен" ардагер ұстаздарымыз
К. С. Дощанова, М. Г. Бакирова, Н. М. Хасенова, Д. С. Бисекенова және математика пәні мұғалімі Н. Т. Ержанова марапатталды.
БҚО әкімінің "Алғыс хаты" ардагер ұстаздарымыз "Еңбек ардагері" К. С. Избасарова мен К. Н. Буранбаева, тарих пәнінің мұғалімі, әрі оқу ісінің меңгерушісі С. С. Абдрахмановқа берілді. БҚО білім басқармасының "Алғыс хатымен" орыс тілі пәнінің мұғалімі К. Е. Хисметова, тарих пәнінің мұғалімі К. У. Ахметов, бастауыш пәні мұғалімдері А. И. Шайхиева мен Л. Ж. Ахметова марапатталды. Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту вице-министрінің атынан мектеп директоры Карылгаш Мурадымовнаға "Мектеп ұжымына арнап" арнайы алғыс хат табысталды.