bkogov.kz Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА АҢҚАТЫ»
ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ТЕРЕКТИНСКОГО РАЙОНА УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА ЗКО
bkogov.kz
Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания
AA+
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА АҢҚАТЫ»
ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ТЕРЕКТИНСКОГО РАЙОНА УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА ЗКО
stopbullying logo
ИС «Komek Stop Bullying»
Остановим буллинг вместе!

13-24 қараша аралығында Аңқаты ЖОББ мектебінде «Жаратылыс сыры ғылымда» атты биология, география, химия пәндері бойынша  апталық болды.
14-қараша күні 7-сыныпта география пәнінен «Дүниежүзілік мұхиттың географиялык жағдайы» тақырыбында ашық сабақ болды. Сабақ мақсаты: «Дүниежүзілік мұхит бөліктерін анықтау». Сабақта «Ғажайып ондық», «Постер қорғау», «Сандық диктант», «жеке жұмыс тапсырмалары», «баспалдақ әдісі» қолданылып сабақ мақсатына жетті.
16-қараша 8-сыныпта биология пәнінен «Қан топтары және қан құю. Резус фактор» тақырыбында ашық сабақ  өтті. Сабақта карточкалар арқылы топқа бөлу, «Word wаll» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексерілді. Бейнеролик көрсету арқылы жаңа сабақ баяндалып, мұғалім сөзімен толықтырылып, оқушылар сарамандық жұмыстар жасады. Оқушыларға топтық жұмыс тапсырмаларын орындап, қан топтарына арналған есептер шығару арқылы топтар арасында сайыс болды. «Табысқа жету баспалдағы» әдісі бойынша рефлексия жасалып, оқушылар әр тапсырма бойынша бағалау парағы арқылы бағаланды. Ашық сабақ қызықты, тартысты өтіп, сабақ мақсатына жетті.
17-қараша 8-сыныпта химия пәнінен «Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта сөзжұмбақ құрастырып, оқушылар шешімін тауып тақырыпты ашты. Сабақта тақырып бойынша мысалдар келтіріліп, оқушыларға топтық тапсырмалар берілді, шығарылған есептерге байланысты химиялық тәжірибелер көрсетілді. Оқушылар өздері тәжірибені жасап сабақ жақсы, қызықты өтті. 
22-қараша күні биология пәнінен 7-10 сыныптар арасында «Биология әлемі» тақырыбында сыныптан тыс шара оздырылды. Шараға әр сыныптан төрт оқушыдан қатысып төрт командаға бөлініп сайысқа түсті. Шарада интерактивті тақта арқылы Word wаll әдісі, сұрақ -жауап, аяқталмаған видео, викторина ойындар бойынша оқушылар топ бойынша сайысқа түсті. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізді. 
23-қараша мектеп мұғалімдері арасында «Миллион кімге бұйырады» интеллектуалдық ойыны оздырылды. Ойынға үш әріптес мұғалімдер қатысып, өз білімдері мен біліктерін ортаға салды. Ойын өте қызықты өтті. 
24-қараша «Қызықты география» 6-сынып оқушылары арасында сайыс өтті. Интерактивті тақта арқылы әр-түрлі әдістер қолданылды. Түрлі тапсырмалары бар карточкалар қолданылып жарыс қызықты тартысты болды.
Апталық өз мәресіне жетті.

2/5